Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

   1. Осы Ереже Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны»дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу орталығы құрылымындағы психологиялық қызмет бөлімінің  жұмысын реттейді.

  2. Психологиялық қызмет бөлімінің  жұмысын «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы үйлестіреді.

 Психологиялық қызмет бөлімі өз  жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында және осы Ережемен сәйкес жүзеге асырады.

 3. Психологиялық қызмет бөлімінің құрылымы «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес айқындалады.

 4. Психологиялық қызмет бөлімінің құрамына педагог – психологтер, әдіскерлер кіреді.

2. Психологиялық қызмет бөлімінің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: елордалық білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысына әдістемелік көмек беру және үйлестіру арқылы білім беру  үрдісіне  қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

Міндеттері:

  • білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті әдістемелік сүйемелдеу.
  • білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет іс-әрекетіне талдау және

мониторинг жасау.

  • елордалық білім беру ұйымдарының педагог-психологтерінің кәсіби

шеберлігін және біліктілігін  арттыру  бойынша іс- шаралар ұйымдастыру және өткізу.

  • педагог-психологтер жұмысының  тиімділігін ғылыми – әдістемелік

қамтамасыз ету.

3. Психологиялық қызмет бөлімі қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны

 Психологиялық қызмет бөлімі өз қызметін келесі негізгі бағыттарда жүзеге асырады:

– ұйымдастыру – әдістемелік бағыт;

– оқу-әдістемелік бағыт;

– ғылыми – әдістемелік бағыт;

– кәсіби шеберлікті арттыру;

– ведомствоаралық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық.

Ұйымдастыру-әдістемелік бағыт:

1)  білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге сұраныстар бойынша кеңес беру;

2) республикалық және халықаралық конкурстарға (олимпиадаларға) дайындалу және қатысу кезінде стресс, қатты эмоционалдық күйзеліс жағдайында болатын білім алушыларға психологиялық көмек көрсету;

3) қалалық деңгейде және білім беру ұйымдарымен келісім немесе сұраныс бойынша ағартушылық – алдын алу іс – шараларын өткізу;

4) бейін бойынша жобалау қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.

Оқу-әдістемелік бағыт:

1) елордалық педагог-психологтерге білім беру үрдісін психологиялық сүйемелдеуді және оқушыларды әлеуметтендіруді ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету;

2) педагог-психологтерді аттестаттауда әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу;

3) отбасылық тәрбие және бала-ата-ана қатынастарының өзекті мәселелері бойынша ата-аналармен психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ағарту жұмыстарын өткізу;

4) әдістемелік бірлестіктердің, педагогикалық кеңестердің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдардың жұмысына қатысу.

Ғылыми-әдістемелік бағыт:

1) Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагог-психологтерінің қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу;

2) жетекші отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;

3) мұғалімдер, ата-аналар және оқушыларға оқушы жастардың әлеуметтенуі мен психикалық денсаулығының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік ұсынымдар дайындау және жариялау.

Кәсіби шеберлікті жетілдіру:

1) жас мамандардың кәсіби қалыптасу үрдісін жеделдету, «Жас психолог мектебі» тұрақты жұмыс істейтін оқыту курсын ұйымдастыру және өткізу бойынша лауазымдық міндеттерін өз бетінше және сапалы орындау қабілетін дамыту;

2) елордалық педагог-психологтердің кәсіби өсуіне ықпал ету;

    3) басқару құрылымдарын педагогикалық тәжірибемен оңтайлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету,тұтас педагогикалық үрдісті психологиялық сүйемелдеудің озық тәжірибесін көрсету мақсатында елорданың тәжірибелі педагог-психологтері қатарынан сараптама тобын құру.

Ведомствоаралық әріптестік және халықаралық ынтымақтастық бағыт:

1) елордалық педагог-психологтер қоғамдастығы және Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесіндің психологиялық  қызметіне  қатысушы  мамандар, сондай-ақ республикалық және жергілікті білім беру  басқармалары құрылымдары арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

2) педагог-психологтің және кең ауқымды мамандардың қатысуын талап ететін қызметтік міндеттер мен кәсіби құзыреттілігі аясынан шығатын проблемаларды шешу бойынша аралас-мамандармен (дәрігерлермен, психиатрлармен, суицидологтармен, дефектологтармен, логопедтермен және т.б. мамандармен) өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3) суицидтің алдын алу бағдарламасы аясында ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту және оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру;

4) шұғыл жағдайларда көмек көрсету бойынша аралас мамандармен және мүдделі органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл мониторингін жүргізу;

5) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жүйесін жетілдіру бойынша отандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты дамыту.

                         4. Психологиялық қызмет бөлімінің жұмысын ұйымдастыру

    1. Психологиялық қызмет бөлімі жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлерін жеке немесе топтық форматта жүргізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген мамандандырылған кабинет базасында жүзеге асырады.

    2. Психологиялық қызмет бөлімінің жұмысы «Астана дарыны» ДДжПСО-ның басқа бөлімшелерімен, педагог-психологтермен, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, ата-аналар қауымдастығымен, педагог-психологтер бірлестіктерімен, қоғамдық қорлармен, кафедралар және практикалық психологтер қауымдастықтарымен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырылады.

    3. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметін бақылауды «Астана дарыны» ДДжПСО директоры қамтамасыз етеді.

5. Қызметкерлердің кәсіби құзыреттері

    1. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері лауазымына базалық жоғары психологиялық білімі бар мамандар («Педагогика және психология», «Психология») және балалар психологиясы саласында арнайы даярлаудан, факультеттер курстарында психологиялық білім берудің қайта даярлау курстарынан  өткен мамандар жұмыс істей алады.

Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері білуі керек:

    1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік – құқықтық актілерді;

     2) педагогика, психология, жас ерекшелік психологиясы, даму психологиясы, жас физиологиясы, мектеп гигиенасы теориясы, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;

    3) білім берудегі психологиялық сүйемелдеуді дамытудың негізгі бағыттары мен үрдістері, психологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерін;

    4) еңбек туралы заңнама негіздерін.

Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері жасай алуы керек:

     1) белсенді оқыту және қарым-қатынас жасау әлеуметтік психотренингі әдістерін, жеке және топтық кеңес берудің, білім алушының қалыпты және қалыптан тыс дамуын диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдануды;

     2) педагогтер, ата – аналар мен балаларға психологиялық кеңес беру, психодиагностика және психокоррекция әдістерін қолдана алуды;

      3)  оқушылардың зияткерлік және шығармашылық іс-әрекетте өзін-өзі табысты жүзеге асыруы үшін қажетті қабілеттерін, іскерліктерін және жеке қасиеттерін дамыту бойынша тренингтік жұмыстарды ұйымдастыруды міндетті;

      4) тұтас педагогикалық үдерістің барлық субъектілерімен: әр түрлі жас санатындағы оқушылармен, олардың ата-аналарымен(оларды ауыстыратын тұлғалармен), педагогтермен байланыс орнатуға, өз ұстанымын дәлелдеуге;

      5) педагогикалық қызметтің алуан түрлерін: ойын, оқу, пәндік, өнімді, мәдени-тынығу іс-шараларын ұйымдастыруды;

      6) білім беру ортасы субъектілерінің бірлескен қызметін және тұлғааралық өзара іс-қимылын ұйымдастыруды;

      7)  әлеуметтік-мәдени даму жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби қызметті жүргізуді;

      8) кәсіби қызметте бала құқықтары туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды қолдануға, әлеуметтік орта мен білім беру кеңістігінің тәуекелдері мен қауіптерін ескеруге;

      9) белгілі бір жұмыс кезеңінде кәсіби қызметті жоспарлауды және оған талдауды жүзеге асыра алуды;

     10) дербес компьютермен және басқа да техникалық құралдармен (браузерлер, мультимедиялық проектор және т. б.) жұмыс жасай алуы тиіс.

                                    6. Қызметкердің лауазымдық міндеттері

1.Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері осы Ереженің жазылған регламенттері аясында білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) психикалық және әлеуметтік салауаттылығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады.

2. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері  білім берудің  барлық сатыларының міндеттеріне сәйкес елорданың білім беру ұйымдарында әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы (вариативтік және инварианттық блоктар) психологиялық диагностиканы ұйымдастыруда мамандандырылған көмек пен қолдауды жүзеге асырады.

3. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері педагогикалық ұжымды, ата-аналарды тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму проблемаларына бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды.

4.Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, «тәуекел тобындағы» оқушы жастардың аутодеструктивті және девиантты мінез-құлқының ерте алдын алу бағдарламаларын жоспарлауға, әзірлеуге және жүргізуге қатысады.

5. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері елордалық білім беру педагог-психологтерімен, әлеуметтік-психологиялық қызметтің басқа да мүшелерімен балалар мен олардың ата-аналарына уақытылы, тиімді психологиялық көмек және қолдау көрсету мәселелерінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.

6. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері мемлекеттік бағдарламалардың, ведомствоаралық жоспарлардың іске асырылуына психологиялық қолдау көрсетеді.

7. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері әлеуметтік әріптестік туралы жасалған және Орталық басшысы бекіткен меморандумдар шеңберінде мектептің (білім беру мекемесінің)  ОЭЖ-ын және басқа да бағдарламаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

8. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері педагог-психологтерге психологиялық ғылымды практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.

9. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері лауазымдық міндеттері аясында өзіне бекітілген жұмыс бағытына сәйкес белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.

10. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері қойылған міндеттерге сәйкес білім беру үрдісінің барлық санаттарымен ағарту жұмыстарын жүргізеді.

11.  Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері жұмыс бағыты бойынша жылдық жеке іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

7. Қызметкердің өкілеттіктері

   1. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері (педагог-психолог, әдіскер) педагог қызметкерлер лауазымына жатады. Педагог-психологтің еңбек демалысы 56 күнтізбелік күнді құрайды (ҚР Үкіметінің 03.09.1999 ж. № 1304 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысы).

   2. Педагог-психолог және әдіскер лауазымдары санат негізінде белгіленеді. Ставкалар саны «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.01.08 № 77 қаулысына сәйкес айқындалады.

3. Педагог- психологтің  лауазымдық  міндеттері анықталған   нұсқаулықты  орталықтың  директоры бекітеді.

 4. Педагог-психолог (ғылыми кеңесші) әкімшілік және кәсіби бағыттар бойынша екі жақты  бағынысқа ие. Әкімшілік басқаруды Орталықтың директоры жүзеге асырады. Кәсіби басқаруды «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімінің жетекшісі жүзеге асырады.

5. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкерлері атқарылатын жұмыстың есебін жүргізеді және кәсіби бағыт  бойынша есеп дайындайды. Психологиялық қызмет бөлімінің есебі орталықтың есептік құжаттамасына енгізіледі.

6. Психологиялық қызмет бөлімі номенклатураға және құжаттаманы жүргізу, функционалдық міндеттерді бөлу талаптарына сәйкес бірыңғай құжаттама жүргізеді.

  8. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкерінің құқығы

1) жұмыстың нысандары мен әдістерін, белгілі бір кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарын таңдайды;

 2) психологиялық қызмет бөлімінің табысты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстармен шығу;

3)  елордалық білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша кез- келген құжаттаманы зерделеу;

4) нақты тұлғаларды және оқу топтары ұжымдарын зерттеу нәтижелерін, кәсіби қызметті, қызметкерлерді аттестаттауды және т. б. талқылау бойынша орталық отырыстарына қатысу;

5) топтық және жеке психологиялық тексерулер жүргізуге міндетті. Осы мақсатта: аймақ пен шағын ауданның әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық тестілерді құру, пайдалану және түзету;

6) ЖОО-ң психология кафедраларымен, зертханаларымен, ҒЗИ-мен және оқу орнының тәжірибелік жұмысы бойынша практикалық психологтер қауымдастығымен тұрақты іскерлік байланыс орнатуға;

7) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес біліктілігін арттыруға және аттестаттаудан өтуге міндетті.

9.  Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкерінің жауапкершілігі

1. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері жылдық жоспарға сай іс- шаралардың сапалы орындалуына жауапты болады.

2.  Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері өзінің кәсіби қызметінің нәтижелеріне, қолданылатын диагностикалық және түзету әдістерінің дұрыстығына, берілген ұсынымдардың негізділігіне дербес жауапты болады.

3. Психологиялық қызмет бөлімінің қызметкері кәсіби қызметтің этикалық нормаларының бұзылуына, ресми тексеру хаттамаларының сақталуына, осы Ережеде белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттама жүргізуге жауапты болады.