Мақсаты: елордалық білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысына әдістемелік көмек және үйлестіру арқылы білім беру үрдісіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
Міндеттері:
- білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті әдістемелік сүйемелдеу.
- білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет іс-әрекетіне талдау және мониторинг жасау.
- елордалық білім беру ұйымдарының педагог-психологтерінің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру бойынша іс- шаралар ұйымдастыру және өткізу.
- педагог-психологтер жұмысының тиімділігін ғылыми- әдістемелік қамтамасыз ету.