«АСТАНА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІНІҢ 2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Мақсаты: елордалық білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысына әдістемелік көмек және үйлестіру арқылы білім беру  үрдісіне  қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

Міндеттері:

  • білім беру ұйымдарындағы  психологиялық қызметті әдістемелік сүйемелдеу.
  • білім беру ұйымдарындағы  психологиялық қызмет іс-әрекетіне талдау  және мониторинг жасау.
  • елордалық білім беру ұйымдарының педагог-психологтерінің  кәсіби шеберлігін және  біліктілігін  арттыру  бойынша  іс- шаралар ұйымдастыру және өткізу.
  • педагог-психологтер жұмысының  тиімділігін ғылыми- әдістемелік  қамтамасыз ету.