«Діни ағымға бет бұрған студенттерге психологиялық көмек көрсету жолдары» атты семинар

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп «Діни және жат ағымдардың идеологиясынан зардап шегетін студенттерге психологиялық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырады

Семинардың мақсаты: Студенттік ортада діни экстремизмнің алдын алу.

Мақсатты топ:  колледж  педагог-психологтары

  Уақыты: 2021 жылғы 4 ақпан, сағат 15.00-де.

 Семинар онлайн режимінде қазақ тілінде өтеді.

Діни және жат ағымдардың идеологиясынан зардап шегетін  студенттерге психологиялық көмек көрсету мақсатында өтетін семинарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы,  діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев психологтармен сұхбат өткізеді.

Деструктивті әсерге бейім жастар ортасында радикалды  көзқарастар мен сенімдер оңай қалыптасады.

Бөтен діни ағымдарға түсіп қалған өмірлік мәселелерді шешуде қиындықтарға тап болған адамға психолог қалай қолдау көрсетуі керек екені жайлы Қанат Алшынбаев түсіндіреді:

– шетелдік діндер идеологиясына бейім студенттермен жұмыс;

– теологиялық мәселелердің маңыздылығын түсіндіру;

– жас ұрпақты рухани үйлесімділік әлемінде тәрбиелеу.