Баланың балабақшаға жеңіл бейімделуі

(Педагогтарға арналған кеңес)

Үйреншікті отбасылық ортадан таныс емес, беймәлім ортаға түсуі балаға өте ауыр тиеді. Күнделікті күн тәртібі, ата – анасының қамқорынсыз, жеке дара іс- әрекет, тәртіпке байланысты талаптар, құрбыларымен күнделікті қарым – қатынас, жаңа орта – осы өзгерістердің барлығы балаға стрестік жағдай тудырады. Екі-үш жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Жасының толық жетілмегеніне байланысты бейімделу кезеңі баланы психикалық жүктемеге әкеліп соқтырады, нәтижесінде баланың ұйқысының, тамақа тәбетінің бұзылуы, қорқыныш сезімдерінің пайда болуы, бөбектің басқа балалармен ойын ойнаудан бастартуы, көп ауыруына және т.б. себептер пайда болады.

Бейімделу кезеңі бірнеше факторлармен тығыз байланысты:

1. Жас ерекшеліктері (әсіресе 10 – 11 айдан бір жарым жасқа дейінгі балалар өміріндегі өзгерістерге күрделі (қиын) бейімделеді.

2. Денсаулығына және даму деңгейіне байланысты.

3. Биалогиялық және әлеуметтік ауытқу. (анасының жүктілік кезеңі, баланы босану кезінде туған қиындықтар, нәресте дүниеге келгеннен кейінгі күтім – күн тәртібі, тамағы, ойындар және т.б. ; өмірінің алғашқы үш айында ауыруға шалдығуы және т.б.).

Баланың балабақшаға үйренуі үш деңгейде қарастырылады:

· Жеңіл үйрену. Бала жаңа ортаға бір айдың шамасында бейімделеді. Мұнда бөбектің тамаққа тәбеті бір аптаның ішінде, ұйқысы 1 – 2 аптаның ішінде үйдегі үйреншікті қалпына түседі. Аяқ астынан ауыруға ұшырамайды.

· Жеңілдеу үйрену. Баланың ұйқысы мен тамағы 20 – 40 күн шамасында бұрынғы қалпына келеді. Ай бойы қит етсе көңіл – күйі бұзылып жылай береді.

· Ауырүйрену. Бала күні бойы жылап сықтаудан көз ашпайды. Тәрбиеші үнемі көтеріп, не жетектеп жүруді талап етеді. Жүкесіне жүк түскен бала ауыруғуа шалдығады. Психикасы бұзылып, ой – өрісінің дамуы тежелуі мүмкін.

Балабақшада бейімделу мәселесін шешу көбіне ата – аналарға баланың күн тәртібін мектепке дейінгі кешеннің күн тәртібіне ұқсатып жасауға ұсыныстар берілумен шектеледі. Сонымен қатар кейбір тәрбиешілер баланың жылауын және нашар мінез көрсетуін, отбасында баланы шектен тыс еркелетіп жіберулеріне байланысты яғни бұл жерде ешқандай проблема жоқ «Балабақшада баланың іші пысады? Жылайды? Қорқатын ештеңе жоқ бала жылайды қояды» деп есептейді. Мұндай жағдайда бейімделу кезеңі ұзаққа созылып кетеді,балада сақтану – қорғану реакциясы қалыптасады, ал бұл баланың балабақшаға деген негативті сезімін тудырады.

Осындай жағдай тумас үшін, мәселені шешуге кешенді келісім қажет.

1. Топта эмоциялық жайлы, ұнамды жағдай жасау.

2. Баланы балабақшаға әкелмей тұрып ата – анасымен жұмыс жасау.

3. Эмоциялық қарым – қатынастың дұрыс қалыптасуына байланысты бейімделу кезеңінде ойнау іс – әрекетін дұрыс ұйымдастыру «жас бала –ересек кісі» және «бала – бала» сонымен қатар міндетті түрде ойын, жаттығуларды еңгізу.

1. Топта эмоциалық жақсы жағдай туғызу.

Балабақшаға өз ынтасымен келуі үшін, бала жанына жағымды бірқалыпты дұрыс жағдай қалыптастыру қажет. Ол ең біріншіден тәрбиешілердің топта жылулық, жайлы жағдай, мейірімді қарым – қатынас жасай білу шеберлігінің және аянбай бар күшін салуына байланысты. Егерде бала бірінші күннен бастап жылулықты сезінсе, оның мазасыздануы және қорқыныш сезімі жойылады, сонымен қатар баланың балабақшаға бейімделу кезеңі жеңіл түрде өтеді.

Баланың балабақшаға сүйсініп келуі үшін, топты үйге ұқсатып безеңдіру қажет. Топты балабарға ыңғайлы етіп жасау керек, сонда балалар өздерін емін еркін сезінеді. Топтың іші үй гүлдеріне толы болса жақсы болар еді. Өсімдік жалпы айтқанда жасыл түс адам сезіміне жағымды әсерін тигізеді.

Сонымен қатар спорт бұрышы болуы қажет. Әрине бұрышты баланың спортпен айналысуына ынтасының пайда болуына байланысты етіп безендіру қажет.

Бөбектер өз сана сезімдерін толық тілмен айтып жетізе алмайды және кейбіреулері алғашында ұялады немесе қорқақтайды, сыртқа шығара алмаған эмоциялық сезімдері ішіне жиналып соңында көз жасымен шығады, ешқандай себепсіз жылаған бала сырт көзге оғаш көрінуі мүмкін. Психологтар және физиологтар бейнелеу өнері бала өз сезімін қағаз бетіне түсіруге көмектесетнін айтады. Сондықтан бейнелеу өнері қызметін атқаратын, балалар кез келген уақытта қалам және қағаз ала алатын кішкентай сурет салу бұрышы болғаны дұрыс. Ал балалардың өз қиындықтарын қажет болған кезде қағаз бетіне түсіру арқылы шешуге мүмкіндіктері болады.

Сонымен қатар балаларды сумен және құммен ойнайтын ойындар тыныштандырады. Бұл ойындарды жазда аулада ұйымдастыруға болады. Ал күз – қыс мезгілдерінде, құммен және сумен ойнау бұрышының бөлмеде болғаны дұрыс.

Баланың балабақшаға үйренуін бақылау арқылы көрсететін болсақ, балалардың жаңа ортада бірінші тамаққа тәбеті қалыптасады, ал ұйқысы біршама қиынырақ қалыптасады (2 – аптадан 2 – 3 айға дейін созылуы мүмкін).Балаға үлкен адамның мейіріміді, жылы ықылас білдіруі баланың өзін – өзі қорғаныста сезінуіне мүмкіндік береді. Ол баланың балабақшаға тез үйренуіне көмектеседі.

Кішкентай сәбилер аналарына өте жақын болады. Балақай әрқашан анасының қасында болғанын қалайды. Сондықтан топта барлық балалардың ата –аналарымен түскен «отбасы» альбомы болса жақсы болады. Сонда сәби кез – келген уақытта өзінің жақындарын көріп, үйін ойлап қатты жабырқамайтын болады.

1. Ата – анамен жұмыс.

Отбасында және балабақшада баланың жеке басының ерекшелігіне көңіл бөле отырып, ата – ана мен тәрбиешінің бірге келісе отырып атқарған іс – әрекетінің арқасында бейімделу кезеңінің табысты жеңіл түрде өтуіне көмегі тиеді. Бала балабақшаға келместен бұрын тәрбиеші баланың отбасымен қарым – қатынас орнатуы керек. Баланың мінез – құлық ерекшеліктерін бірден біліп алу оңай емес, бірақ бала ата – анасымен танысу кезеңінде әңгімелесу арқылы тәртібінің қандай кескінде екенін біліп алуға болады. Бірінші күндері баланы серуенге әкелуді ұсыну, өйткені оған тәрбиеші мен және басқа балалармен осылай таңысу жеңілірек болады. Сондай-ақ баланы тек таңертенгілік серуенге ғана емес кешкі серуенге де әкелуді ұсыну, кешке ата – аналар балаларымен қалай қуанышты кездесіп және үйге бірге қайтып бара жатқанын көрсетуге мүмкіндік туады.

Ата – аналар алғаш балаларын балабақшаға бергенде, сәбиінің тағдырын ойлап жаны күйзеледі. Жақындарының көңіл – күйлерін сезінген балалар да қобалжиды. Сондықтан тәрбиешінің басты мақсаты ата – аналарды тыныштандыру, оларға бала ойнайтын ойыншықтарды, жататын төсектерді көрсету, күн тәртібімен таныстыру, яғни бала күні бойы немен айналысатынын түсіндіру. Ата – анамен тәрбиеші арасындағы жақсы, жылы қарым – қатынасты сезген бала, жаңа ортаға тезірек бейімделіп кете алады.