Мектепке дейінгі мекемелер педагог- психологтерінің тәжірибе алмасуы

2021 жылдың   қаңтардың 28 күні   «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу  орталығы психологиялық қызмет бөлімі     «Жас психолог мектебі» аясында    тәжірибе алмасу   семинарын  ұйымдастырып, өткізді.

Семинар  сабақты №3 «Күншуақ»  балабақшасының  педагог- психологі    Балабекова Сәуле   ересектер тобы  балаларымен  «Біздің эмоциялар» тақырыбында   ZOOM   платформасында  ашық сабақ  түрінде    өткізді.

Сабақ  барысында түрлі тапсырмалар  арқылы:

– эмоцияларды тану, көрсету, өз сезімдері мен басқалардың сезімдерін түсіну қабілетін нығайту;

– балалардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;

– мейірімділікті, жанашырлықты тәрбиелеу;

– жағымды эмоциялық көңіл-күйді  қалыптастыру жұмыстары   кезең кезеңімен  жүргізілді. 

Семинар сабаққа   мектепке  дейінгі  мекемелердің 21 педагог- психологі қатысты.  

Кері  байланыста  психологиялық сабақ балалардың   танымдық, эмоционалдық  дамуына  негізделіп құрылғаны,  психолог Сәуле Мақсұтқызының  сабақ  беруде қолданған әдіс- тәсілдердің жаңашылдығы, тиімділігі  жайлы   ой- пікірлер  айтылды.