2021 жылдың қаңтардың 28 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында тәжірибе алмасу семинарын ұйымдастырып, өткізді.
Семинар сабақты №3 «Күншуақ» балабақшасының педагог- психологі Балабекова Сәуле ересектер тобы балаларымен «Біздің эмоциялар» тақырыбында ZOOM платформасында ашық сабақ түрінде өткізді.
Сабақ барысында түрлі тапсырмалар арқылы:
– эмоцияларды тану, көрсету, өз сезімдері мен басқалардың сезімдерін түсіну қабілетін нығайту;
– балалардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
– мейірімділікті, жанашырлықты тәрбиелеу;
– жағымды эмоциялық көңіл-күйді қалыптастыру жұмыстары кезең кезеңімен жүргізілді.
Семинар сабаққа мектепке дейінгі мекемелердің 21 педагог- психологі қатысты.
Кері байланыста психологиялық сабақ балалардың танымдық, эмоционалдық дамуына негізделіп құрылғаны, психолог Сәуле Мақсұтқызының сабақ беруде қолданған әдіс- тәсілдердің жаңашылдығы, тиімділігі жайлы ой- пікірлер айтылды.