Жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңінің қорытындысы

2021 жылдың 22-25 қаңтар күндері жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша қалалық жасөспірімдер пәндік олимпиадасының (математика, физика, химия, биология, география және информатика) іріктеу кезеңі өтті.


Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен
Математика – 262 оқушы
Физика 187 оқушы
Химия 210 оқушы
Биология 196 оқушы
География 179 оқушы
Информатика 309 оқушы.
пәндерінен барлығы 1343 оқушы іріктеу кезеңге қатысты.

Олимпиада онлайн форматта өтті.
Жалпы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасына барлығы 1343 оқушының 18,5 пайызы (248 оқушы) келесі кезеңге өтті. Келесі кезеңге І және ІІ,ІІІ орын алған оқушылар қатысады. Іріктеу кезеңнің жүлдегерлері дипломдармен марапатталды.
Қалалық кезеңінің өтетін уақытын,орнын қосымша хабарлаймыз.

Нәтижелер сілтеме бойынша қол жетімді:

https://drive.google.com/drive/folders/1a6KAsP8yONG-79bpkqLZNqNzd2TQte3f?usp=sharing