Республикалық III «Абайтану» олимпиадасы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірігейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін  тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2021 жылдың 23-24 қаңтары аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде III «Абайтану» олимпиадасын онлайн режимде өткізді.

       Олимпиаданың негізгі мін­деті – Абай өлеңдерінің мән-ма­ңызы мен қадір-қасие­тін түсінуге бейімдеу, хакім қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру, Абайша ойлауға ұм­тылу, сөйлеу мәдениетін үйре­нуге, тіл тазалығын сақтауға дағ­дылану және күнделікті өмірде қолдану.

     Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен 11  қатысушы Елорда намысы үшін сынға түсті, олардың төртеуі №87 Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназияның оқушылары.

Олимпиада екі айналымда өтті. Бірінші айналымда қа­тысушы Абай қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазса, екінші айналымда М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген үзіндінің қай тарау, қай бөлімнен алынғанын айтып мазмұнын жалғастырды және роман мазмұнынан «сократтық» сұрақтарға жауап беруі арқылы логикалық дең­гейі тексерілді. Сондай-ақ Абай шығармашылығы бойынша да­йындалған тапсырмаларға жауап берді. Оның ішінде өлең­нің адам өміріндегі орнын, ақын­ның шығармашылықтағы мақсатын Абай өлеңдерімен дәлелдеді. Ал Абай поэзиясын қалай меңгергенін байқау ба­­­рысында ақын өлеңдерінің құрылысындағы ерекшеліктерді анықтап, қазақ поэзиясына қосқан жаңалығын дәлелдеді. Сонымен бірге Абай іліміне оқушы өз көзқарасын білдірді.

     Ұлы ақын­ның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің ал­тын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың қортындысы негізінде оқушыларымыз төмендегідей нәтиже көрсетті.

9 сынып

Жұмабай Аружан – I орын, №87 мг,

Айдарова Альбина – «Алғыс хат», №87 мг,

Қыдырбай Бексұлтан – «Алғыс хат», 89 мл.

10 сынып

Жиенбек Нұрислам – IIIорын,№65 мг,

Әбзелбек Елшат  – III орын,№87 мг,

Сулейменов Ерасыл – «Алғыс хат»,№69 мг,

Оразова Қазына – «Алғыс хат»,№86 мг.

11 сынып

Жұмабек Аружан – IIорын, №73 мл,

Шаймұрат Елдана – IIIорын, №61 ом,

Сексенбаева Гүлнұр – IIIорын, №87 мг,

Кумарова Сезім – «Алғыс хат», №57 ом.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР БҒМ дипломымен,  бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олимпидаға қатысушылардың жетекшілеріне ұйымдастырушы Абай атындағы РММИ атынан алғыс хаттар табыс етілді.

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопея­сын толық меңгеру арқылы ке­­­мең­гердің ақындық болмы­сына үңіліп, Абайдың шығар­ма­шы­­лық өмі­рімен танысуда табандылық,белсенділік танытқан ұстаздарымызбен шәкірттерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!