Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы қалалық кезеңінің іріктеу кезеңі өтті

2021 жылғы 22-25 қаңтар аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы қалалық кезеңінің іріктеу кезеңі өтті, атаулы олимпиадаға 1210 оқушы қатысты.

Бүгін, 25 қаңтарда биологиядан – 196 оқушы, химиядан – 206 оқушы, географиядан – 179 оқушы және информатика пәнінен – 187 оқушы іріктеуден өтті.

Химия, биология және география пәндерінен оқушылар әр пән бойынша 20 сұраққа онлайн режимде жауап берді. Информатика бойынша жас бағдарламашылар 3 сағат ішінде 4 тапсырманы орындады.

Олимпиада нәтижесі ертең, яғни 26 қаңтар күні «Астана дарыны» орталығының сайтында жарияланады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!