«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Co-Make» ҚҚ бірлесіп, педагог-психологтер үшін «Мектепте инклюзивті білім беру форматында педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша оқыту курсын ұйымдастырады.
Курстың мақсаты: мектеп жағдайында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін инклюзивті білім беру форматында жұмыс істейтін мектеп педагог-психологтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Ұйымдастырушы мекемелер: «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және «Co-Make» ҚҚ.
Мақсатты топ: педагог – психологтер.
Оқыту онлайн және қашықтықтан мемлекеттік және орыс тілдерінде, 4 блок бойынша жүргізіледі.
Оқу кезеңдері:
– 19-20 қаңтар 2021 ж. басталуы 09.00. 1-блок тақырыбы: «Инклюзивті білім беруде психикалық дамуы тежелген балалармен (ПДТ) жұмыс жасауда педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру».
– 21-22 қаңтар 2021 ж. басталуы 09.00. 2-блок тақырыбы: «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»
– 26-27 қаңтар 2021 ж. 3-блок тақырыбы: «Аутистік спектрінде бұзылуы бар балаларымен жұмыс жасауда педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»
– 2-3 ақпан 2021ж 4 блок тақырыбы: «Сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасауда педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру»
Өткізілетін курсқа ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыста теориялық және практикалық тәжірибесі бар мамандар, жаттықтырушылар шақырылады.
Әр блоктың соңында қатысушылар электронды сертификат алады.