Білім беру ұйымдары басшыларының жұмыс барысында кездесуі

2021 жылдың 13 қаңтары күні біздің орталығымызды Атырау облысының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының басшысы Сарбалин Руслан Құрманғалиұлы және дарынды балаларды қолдау бөлімінің басшысы Насиева Лаура Зарифоллақызы келді. Қонақтарды «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры Ғаждембек Қуанышұлы Тұрсынов қарсы алып, кездесу барысында орталық жұмысымен таныстырды.

Сондай-ақ тараптар өзара жұмыс тәжірибесімен алмасып, білім беру бағдарламаларын іске асыруда екі білім беру ұйымы бірлесе атқаратын жұмыстарды талқылап, ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікірлесті.