🏆 «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қорытындысы


📅 2025 жылдың 27-28 наурыз күндері 📅
🏫 Астана қаласының №96 мектеп-гимназия базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «🌟 Алтын тұғыр 🌟» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
🎯 Аталған олимпиадаға 8 елордалық мектептен (№№ 1, 35, 40, Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейлері, №№3, №51, №78 мектеп-гимназиялары және “Alpamys school”) 8 мұғалім қатысты.
📊 Олимпиаданың қорытындысы бойынша төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
🏆 І орын – 3 (№1, Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейлері, “Alpamys school”);
🥈 ІІ орын – 1 (№ 3 мектеп-гимназиясы);
🥉 ІІІ орын – 1 (№40 мектеп-лицейі);
📜 Грамота – 1 (№51 мектеп-гимназиясы).
✈️ Абсолют І орын иеленген Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Есіркепова Ақтоты Нарботақызы Дубайға жолдама алды.
🎖️ Астана қаласы командалық І орынды иеленді.
🎉 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!