25-28 наурыз күндері Талдықорған қаласы №30 орта мектеп базасында
«Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер: оқушылардың мотивациясы мен белсенділігін арттыруға арналған цифрлық ресурстар мен әдістер» тақырыбында екі күндік Республикалық оқыту семинары өтті.
25-28 наурыз күндері
Талдықорған қаласы, №30 орта мектеп базасында
инновациялық тәсілдерге арналған семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
Ағылшын тілі сабағында заманауи цифрлық ресурстар мен әдістерді тиімді пайдалану;
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
Оқу үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу.
Семинарды-тренингті жүргізгендер:
Ms. Loveth Tokunbo Fakunle ,
М.К. Жандилдинов ,
А. Қайрбек ,
Э.Д. Естибаева ,
С.Ә. Әлімғазина ,
А.К. Естыбаева .
Олар цифрлық ресурстар мен инновациялық әдістердің оқушылардың оқу үдерісіне
қызығушылығын арттыра отырып, белсенділігін жоғарылататыны туралы айтты.
Әрбір қатысушы мұғалім үшін бұл – кәсіби дамуға серпін беретін құнды тәжірибе болды.
Республикалық семинарға елорданың білім беру ұйымдарының ағылшын пәні мұғалімдері де қатысты.
Семинар аясында ағылшын тілі пәнінен республикалық «Олимп шыңы» олимпиадасы өткізілді.
Астана қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM school мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні ұстазы, педагогика ғылымдарының магистрі Дариева Сабира Сериковна III орынды иеленді.
Осындай семинарлар педагогтердің білімін шыңдап қана қоймай, тәжірибесін де кеңейтеді.







