«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 16 сәуір күні 3–4 сынып оқушылары арасында «DaraSkills» қалалық чемпионатының іріктеу кезеңі өткізілді.
Чемпионаттың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және тәжірибелік қабілеттерін дамыту, болашақ мамандықтарға қызығушылығын арттыру.
Байқау 4 номинация бойынша ұйымдастырылды:
– «Жас дизайнер»
– «Жас аспаз»
– «Жас өнертапқыш»
– «Жас робототехник»
Аталған номинациялар бойынша елордалық білім беру мекемелерінен 134 оқушы қатысты.
Нәтижесінде чемпионаттың қалалық кезеңіне келесі білім беру ұйымдары жолдама алды:
«Жас дизайнер» номинациясы бойынша – Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School МЛ; №27 МЛ; №106 ЖОББМ; №60 МЛ; №86 МГ; №68 МГ; №65 МГ; №19 ЖОББМ; Экономикалық лицейі; Әбіш Кекілбаев атындағы Binom School МЛ; №70 МЛ; №67 Г; Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School МЛ; №56 МЛ; Neotech Digital School.
«Жас аспаз» номинациясы бойынша – №89 МЛ; №59 МЛ; №30 МГ; Әбіш Кекілбаев атындағы Binom School МЛ; №60 МЛ; Экономикалық лицейі; «Центральная» экономикалық лицей; №114 ЖОББМ; №115 ЖОББМ; №86 МГ; №73 МЛ; №14 МГ; «Ақжол мектебі».
«Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша – №69 МГ; Экономикалық лицейі; №30 МГ; №78 МГ; №18 ЖОББМ; №4 МГ; №105 ЖОББМ; №115 ЖОББМ; №68 МГ; №111 ЖОББМ; №59 МЛ; Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom School МЛ; Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom School МЛ.
«Жас робототехник» номинациясы бойынша – №44 ЖОББМ; №83 МГ; №60 МЛ; Әбіш Кекілбаев атындағы Binom School МЛ; №59 МЛ; №100 ЖОББМ; №62 МГ; №67 Г; Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School МЛ; №14 МГ; Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom School МЛ; №64 МЛ; Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom School МЛ; №21 ЖОББМ.
Келесі кезеңге жолдама алған қатысушыларды құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/reel/DXMghHwjGFn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==