«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы басталды

Бүгін  Астана қаласындағы әль-Фараби атындағы оқушылар сарайында  «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы басталды.

Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрлігі «Дарын» ғылыми -практикалық орталығының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында өткізіліп жатқан шараға елордалық дарындар да қатысуда.

«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсында  Астана қаласыннан Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 —  сынып оқушылары Ғалым Әмірхан мен Жұмабек Әлібек, №46 мектеп-гимназиясының 11 — сынып оқушысы Еламан Ясмин, №85 мектеп-лицейінің 9 — сынып оқушысы Азаматқызы Айгерім және №56 мектеп-лицейінің  9 —  сынып оқушылары Карилов Сұлтан мен Жамантай Әлмира бақ сынауда.

Оқушылардың республикалық білім додасында жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!