«… Бір ғалымды көрсеңіз» атты  қалалық  Абай ғылыми жоба байқауы

2023 жылдың 26 сәуірінде «Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 9-11сынып оқушылары арасында «…Бір ғалымды көрсеңіз» қалалық Абай ғылыми жобалар байқауының екінші кезеңін өткізді.

Абай тақырыбы – таусылмайтын телегей теңіз. Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту мақсатында өткен байқаудың  сараптама  кезеңіне 39 жұмыс ұсынылды.  Байқауға ұсынылған ғылыми жобалар антиплагиат жүйесіне салынып, ғылыми мазмұны мен құрылысына қарай сұрыпталды.

Байқаудың екінші кезеңі — ғылыми жобаны қорғауға 20 оқушы қатысты.

            Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды:

І орын- №64 МЛ, №74 МГ;

ІІ орын- №61 ОМ, №67 Г;

ІІІ орын- №83 МГ, №86 МГ, №87 МГ;

Грамоталар- №20 ОМ,№38 МЛ,№ 53 МГ, А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL МЛ.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

@bilimastana@85schoolastana @85_studentcouncil

@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat_nur_sultan
@jenis__kasymbek
@s_kassymkhan
@zhanar.beisenbayeva
@tursunov_gazdembek
@rspc_daryn