ІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы»  қалалық ғылыми жоба байқауы

2024 жылдың 12 сәуір  күні  «Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы  Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп лицейімен бірлесе отырыпІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы»  қалалық ғылыми жоба байқауын өткізді.

          Байқаудың мақсаты: Қаныш Сәтбаев мұрасын кеңінен насихаттай отырып, Қазақстанның дамуындағы ғалымның ғылыми мол мұрасын дәріптеу.

Елорданың 8-11 сынып оқушылары арасында    ұйымдастырылып отырған ІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы»  қалалық ғылыми жоба байқауына қатысқан 38 оқушы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

1. Қаныш және жаратылыстану ғылымы бағыты бойынша:

         I орын —   1 ;

         II  орын — 2;

         III  орын — 5;

         Грамота -4.

2. Қаныш Сәтбаев мұрасы (тарих, әдебиет, музыка) бағыты бойынша:

         I орын — 1 ;

         II  орын -3 ;

         III  орын — 6;

         Грамота -5.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады. 

          Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!