Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.О.Бітібаева атындағы олимпиаданың қалалық кезеңі

Дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатынды «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 6 сәуірінде 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.О.Бітібаева атындағы олимпиаданың қалалық кезеңін өткізеді.  

Олимпиада ІІ кезеңнен тұрады:

І кезең – жазбаша (эссе);  ІІ кезең – ауызша.

Олимпиаданың қалалық кезеңінің өтетін орны: Астана қаласы №64 мектеп-лицейі (Ғ.Мүсірепов көшесі 15).