Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтеді

Қазақ руханиятын дамытуға үлкен үлес қосқан рухани қайраткер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы  мұралары арқылы жас ұрпаққа ел өткенін таныту, дала танымын насихаттау мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылы     10 сәуірде  №57 орта мектептің базасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңін (бұдан әрі-Байқау) өткізеді.   

Жалпы орта білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары  арасындағы байқау төрт бағыт бойынша өтеді:  

  1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген,  Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» — ақындар мүшәйрасы;
  2. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» — ғылыми зерттеу жобасын қорғау;
  3. «Білімді зерек адам болам»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» — эссе жазу;
  4.  «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері» — ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау.

          Байқауға әр білім беру  мекемесінен әр бағытқа  1 оқушыдан,  жалпы  саны    4 оқушы қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Шарбақты көшесі, 46.

Тіркеу: сағат 08.00. – 08.45. аралығында.

Басталуы: сағат 09.00.