Махтумкули Фрагиатындағы математикадан Халықаралық олимпиаданың қорытындысы

2024 жылдың 25-29 наурыз аралығында Түрікменстан мемлекеті, Аркадаг қаласында Махтумкули Фрагидің 300 жылдығына орай ұйымдастырылған математикадан Халықаралық олимпиада өтті. Халықаралық олимпиадада 13 мемлекеттен (Қытай, Ресей, Иран, Тәжікстан және т.б) 128 қатысушы бақтарын сынады. Халықаралық додада Астана қаласының намысын 6 оқушы қорғап, 4 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: күміс медаль -2, қола медаль-2.

Күміс медаль – Бекбосын Нұрсұлтан, Серік Алихан (БИЛ ұл)

Қола медаль – Мұрат Жантөре, Құдайбергенов Амирхан (БИЛ ұл)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!