ІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы»  қалалық ғылыми жоба байқауы

2024 жылдың 13 сәуір күні «Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп лицейімен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушылары арасында  ІІ «Қаныш Сәтбаев және Қазақстан ғылымы»  қалалық ғылыми жоба байқауын  (бұдан әрі- Байқау) өткізеді.

Байқаудың мақсаты: көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың  Қазақстанның дамуындағы ғылыми мол мұрасын кеңінен насихаттау және дәріптеу.

Оқушылар  байқауға 2 бағыт бойынша қатыса алады:

1. Қаныш және жаратылыстану ғылымы -1 оқушы;

2. Қаныш Сәтбаев мұрасы (тарих, әдебиет, музыка) -1 оқушы.

Байқауға топтық (жұптық, үштік) жұмыстар қабылданбайды.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

  • І  кезең: сараптама – 26 наурыз-01 сәуір аралығы;
  • ІІ кезең: ғылыми жобаны қорғау — 13 сәуір.

        Байқау  мемлекеттік тілде өтеді.

Тіркелу уақыты: сағ. 09:00 — 09:30. Басталуы:10:00.

          Өтетін орны: Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп — лицейі (Конституция көшесі, 33).