Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауы

       «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 23 ақпан күні қазылар алқасының отырысында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеуде  5-6 жас ерекшелігіне қарай «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша 140бейнематериал қаралды.

     Қалалық байқауда «Вокалдық топ» номинациясында 20 топ, «Вокал» номинациясында 20 өнерпаз, «Хореография» номинациясында 29  би тобы, «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау»  6 ансамбль, барлығы 75 өнер шығармасымен  ағымдағы жылдың 5 наурыз күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында бақ сынайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!