«Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі»

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 10 ақпаны мен 16 наурыз аралығында оффлайн және онлайн форматында №52 мектеп-гимназиясы ғимаратында педагогика ғылымдарының докторы, профессор     Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қазақ тілі пәні бойынша мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі» тақырыбында 80 сағаттық ақылы курсы өтіп жатыр. Курсты технология тренері А. Қ. Қазыбай жүргізуде.

Курстың мақсаты: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының стратегиялары мен инновациялық амалдарын қазақ тілі мен әдебиеттік оқыту сабақтарында пайдалану арқылы мамандардың кәсіби біліктілігін көтере отырып, білім сапасын арттыру.

Курс онлайн форматында кешкі сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін аптасына екі рет, оффлайн форматында әр сенбі күндері сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін өтуде. Курста Астана қаласының Таmоs shcool, № 66, 68, 83 мектептерінің мұғалімдері тағылымдама алуда. Тағылымдамадан өткен мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушы мұғалімдер аса қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.

Курс соңында «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша қатысушы мұғалімдер білім нәтижесін көрсету мақсатында сынақ тапсырады (мұғалімдер олимпиадасы).