«Қадыр  мұрасы» қалалық байқауының баспасөз хабарламасы

  «Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесіп 2024 жылдың 9  қаңтарында 4-9 сынып оқушылары арасында   «Қадыр  мұрасы» қалалық байқауынөткізеді. Байқау биыл екінші рет өткелі отыр. Әр білім беру мекемесі 4 номинация бойынша 4 қатысушы (әр номинацияға бір қатысушыдан) ұсынады.

Байқаудың мақсаты:

  • оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, Қадыр Мырза Әлі шығармаларының рухани  құндылықтарын  жас ұрпақтың бойына сіңіру;
  • поэзияға, Қадыр Мырза Әлі рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Байқау  4 номинация бойынша өткізіледі: 

  • «Жас суретші» — автордың өлеңдері негізінде бейнелеу;
  • «Жас оқырман» — Қадыр Мырза Әлініңшығармаларын мәнерлеп оқу;
  • «Жас оператор» — Қадыр Мырза Әлініңшығармалары бойынша буктрейлер жасау;
  • «Жас өнертапқыш» Қадыр Мырза Әлінің өміріне немесе шығармаларының сюжетіне арналған диорамалар, модельдер немесе макеттер ұсыну.

   «Қадыр  мұрасы» қалалық байқауына елорда білім беру мекемелерінен 233 қатысушы тіркелді.

Өтетін орны: Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі (Есіл ауданы,38 көше, 9/5).

Басталуы: сағ.09.00.

 «Қадыр  мұрасы» қалалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.