«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесіп 2024 жылдың 9 қаңтарында 4-9 сынып оқушылары арасында «Қадыр мұрасы» қалалық байқауынөткізеді. Байқау биыл екінші рет өткелі отыр. Әр білім беру мекемесі 4 номинация бойынша 4 қатысушы (әр номинацияға бір қатысушыдан) ұсынады.
Байқаудың мақсаты:
- оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, Қадыр Мырза Әлі шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру;
- поэзияға, Қадыр Мырза Әлі рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:
- «Жас суретші» — автордың өлеңдері негізінде бейнелеу;
- «Жас оқырман» — Қадыр Мырза Әлініңшығармаларын мәнерлеп оқу;
- «Жас оператор» — Қадыр Мырза Әлініңшығармалары бойынша буктрейлер жасау;
- «Жас өнертапқыш» — Қадыр Мырза Әлінің өміріне немесе шығармаларының сюжетіне арналған диорамалар, модельдер немесе макеттер ұсыну.
«Қадыр мұрасы» қалалық байқауына елорда білім беру мекемелерінен 233 қатысушы тіркелді.
Өтетін орны: Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі (Есіл ауданы,38 көше, 9/5).
Басталуы: сағ.09.00.
«Қадыр мұрасы» қалалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.