«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі

          «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылдың 05 қаңтарында                                                                    №52 мектеп-гимназиясында (Бурабай көшесі, 38) «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңін (бұдан әрі -Олимпиада) өткізеді.

          Мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту.

          Олимпиадаға аудандық кезеңнің І, ІІ орын иегерлері (62 білім білім беру ұйымдарынан 87 мұғалім) қатысады.

Қатысушыларды тіркеу: 09:30-10:00

Басталу уақыты: 10.00