«Мұстафа Шоқай — бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясы

2023 жылдың 23 желтоқсан  күні  «Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы  Мұстафа Шоқай  атындағы  №51 мектеп-гимназиясымен бірлесіп ақын, Алаш ұлт‑азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Түркістан (Қоқан) автономиясының алғашқы сыртқы істер министрі, кейін осы үкіметтің төрағасы, бүкіл түркі халықтары азаттық қозғалысының көсемі Мұстафа Шоқайға арналған «Мұстафа Шоқай — бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясын өткізді.

              Мемлекеттік тілде өткен конференцияның мақсаты — түркі халықтары азаттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, оның  аса мағыналы өмірі, сан салалы саяси қызметі  мен шығармашылық мол мұрасы негізінде өскелең ұрпақты ұлттық рух пен  отансүйгіштікке, қоғамдық белсенділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Елорданың  9 – 11 сынып оқушылары арасында екінші рет ұйымдастырылып отырған  конференцияға  қатысқан 48 оқушы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

1. «ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси‑әлеуметтік жағдай» номинациясы бойынша:

         Грамота — №78 МГ.

2.  « Мұстафа Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасуы» номинациясы бойынша:

         I орын — №64 МЛ;

         II  орын — №50 МГ, №51 МГ;

         III  орын — №56 МЛ, №69 МГ, Қ. Сәтбаев атындағы Binom school МЛ;

         Грамота — №7МГ, №37 МЛ, №38 МЛ, №50МГ, №69 МГ, Ы. Алтынсарин атындағы Binom school МЛ.

3. «Мұстафа Шоқай саяси қызметінің алғашқы шыңы – Түркістан Мұқтарияты»

номинациясы бойынша:

          I орын – ФМБ НЗМ;

         II  орын — №51 МГ;

         III  орын — №3 МГ;

         Грамота — №78 МГ.

4. «Мұстафа Шоқай эмиграцияда; Кеңестік шындықтың қайсар сыншысы» номинациясы бойынша:

          I орын — №84 МЛ;

         II  орын — №51МГ, Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК РММ;

         III  орын — №37 МЛ, №51 МГ, А.Байтұрсынұлы атындағы Binom school МЛ;

         Грамота — №24 ОМ, №51 МГ, №51 МГ, Қ. Сәтбаев атындағы Binom school МЛ, Қ. Сәтбаев атындағы Binom school МЛ.

5. «Мұстафа Шоқайдың тәуелсіз ұлттық мемлекет туралы идеялары» номинациясы бойынша:

          I орын — №24 ОМ;

         II  орын — №52 МГ, №69 МГ, Қ. Сәтбаев атындағы Binom school МЛ;

         III  орын — №4МГ, А.Байтұрсынұлы атындағы Binom school МЛ, Қ. Сәтбаев атындағы Binom school МЛ, IT Bilim-Innovation Lyceum of Burabay;

         Грамота — №69МГ, №69 МГ, Қ. Сәтбаев атындағы Binom school МЛ.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады. 

            Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!