Арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауының қорытындысы  

Шамшырақ деген тас жатыр,

Теңіздің терең түбінде.

Сүңгіп адам соны алар Шам қылуға түнінде,

Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес өмірде.

   Байқаудың атауына берілген эпиграфтың тағылымды түйінінде ерекше балалардың үмітін маздататын шырағы жарық болсын деген тамызық ой жатыр.

       «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «№1 Арнайы мектеп-интернаты» КММ-мен бірлесе отырып дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының қолдауымен  ерекше білім беруді қажет ететін балалардың потенциалдық мүмкіндігін қолдана білуін дамыта отырып, жетістікке жету ынтасын арттыру мақсатында «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауын ұйымдастырып өткізді.  

       Байқаудың офлайн турына бейнематериал бойынша іріктеуден өткен вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинацияларынан барлығы 20 өнер шығармасы (қатысушы саны -49) және робототехникадан 3 команда(6 оқушы) қатысты.

     Арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауы қатысушыларының сахнадағы өнерін қазылар алқасы саралап, төмендегідей  қорытынды шығарды:

6-10 жас арасындағы «Вокал» номинациясы

І орын – 1 (№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Гогулин Сергей)

ІІ орын – 1 (№3 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Мұрат Алдияр)

ІІІ орын — 1(№2 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Рақымұлы Аманжол)

11-17 жас арасындағы «Вокал» номинациясы

І орын – 1 (№2 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Құлашбек Нұрмахаммед)

ІІ орын – 1 (№3 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Нурсадык Эбилмансур)

ІІІ орын — 1(№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Садукасов Ерсултан)

6-10 жас арасындағы «Хореография» номинациясы

І орын – 1 (№1 Арнайы мектеп – интернатының «Тарландар» би тобы)

ІІ орын – 1 (№2 Арнайы мектеп – интернатының би тобы)

ІІІ орын — 1(№1 Арнайы мектеп – интернатының «Шалқыма» би тобы)

11-17 жас арасындағы «Хореография» номинациясы

І орын – 1 (№2 Арнайы мектеп – интернатының  би тобы)

ІІ орын – 1 (№1 Арнайы мектеп – интернатының «Керім» би тобы)

6-10 жас арасындағы «Мәнерлеп оқу» номинациясы

І орын – 1 (№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Айбек Жаннұр)

ІІ орын – 1 (№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Жакупов Алдияр)

ІІІ орын — 1(№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Малахова Дарья)

11-17 жас арасындағы «Мәнерлеп оқу» номинациясы

І орын – 1 (№2 Арнайы мектеп – интернатының оқушысы Муратов Дамир)

ІІ орын – 2 (№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушылары Құрманбай Алаш, Ларин Салман)

ІІІ орын – 2 (№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушылары Шайдурова Виктория, Батырбек Айсулу)

«Робототехника» номинациясы

І орын – 1(№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушылары Шамшаев Алимжан, Шекербаев Диас)

ІІ орын — 1(№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушылары Құрманбай Еркебұлан, Дуланбаев Жанболат)

ІІІ орын – 2 (№1 Арнайы мектеп – интернатының оқушылары Жайсанов Мәди, Абдрахбан Мұхамедәлі)

   Байқаудың нәтижесінде жас ерекшеліктеріне қарай номинацияларда үздік шыққан І дәрежелі диплом иелеріне алтын медаль және «Астана дарыны» орталығының кубогы, жүлдегерлерге күміс, қола медальмен бірге ІІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары табысталады, сонымен қатар дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты мен №1 Арнайы мектеп-интернатының тарапынан сыйлықтар беріледі.

   Арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауы алғашқы рет ұйымдастырылды.

Ерекше балаға ерекше қамқорлық танытып, ортада еркіндікті сезіне білуге қолдау көрсеткен тәлімгерлерінің мейіріміне бөленген қатысушылар бойындағы қабілеттерін қазылар алқасының сараптауына салды.

  Балалардың марапаттау кезіндегі бойын қуаныш кернеген  жұлдызды сәтіне куә болдық.

  Дарынды балалармен жұмыс бағытында сара жолын салған «Астана дарыны» орталығы үшін бұл жоба ерекше баланың дарындылығын анықтап, қолдау көрсету —  ерекше парыз болғандай.