«Қадыр  мұрасы» қалалық байқауы

«Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейімен бірлесе 2024 жылдың 9 қаңтарында 4-9 сынып оқушылары арасында   «Қадыр  мұрасы» қалалық байқауын өткізетінін  хабарлай.  Байқау мемлекеттік тілде өтеді.

Байқаудың мақсаты:

  • оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, Қадыр Мырза Әлі шығармаларының рухани  құндылықтарын  жас ұрпақтың бойына сіңіру;
  • поэзияға, Қадыр Мырза Әлі рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Өтетін орны: Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі (Есіл ауданы,38 көше, 9/5).

Басталуы: сағ.09.00.

Тіркеу: сағ. 08.15 — 08.45.

«Қадыр  мұрасы» қалалық байқауының Ережесі қосымшада (3 бет) берілген. Әр білім беру мекемесі 4 номинация бойынша 4 қатысушы (әр номинацияға бір қатысушыдан) ұсынады. Байқауға ағымдағы жылдың 29-шы желтоқсанына (сағ.09.00) дейінhttps://forms.gle/8UiXpC5EHdu2fVY69 сілтемесі арқылы тіркелу қажет.

        Байқау туралы қосымша мәліметтерді мына мекенжайдан білуге болады: «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы (Қабанбай батыр көшесі 33), байланыс  тел: 7013022649, 506 кабинет.