Арнайы мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауы  

     «Астана дарыны» орталығында 2023 жылдың 29 қараша күні өткен арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауына іріктеу туры бойынша қазылар алқасының отырысында Астана қаласы әкімдігінің №1,№2,№3 арнайы мектептердегі ерекше білім алуды қажет ететін балалар арасынан вокал, хореография, мәнерлеп оқу номинациялары бойынша Ережеге  сәйкес жас ерекшелігіне қарай 40 өнер шығармасының (81 өнерпаз) бейнематериалы қаралып,оның 20-сы (қатысушы саны -49) қалалық байқауға жолдама алды.

       Қалалық байқауда бейнематериал бойынша іріктелген финалистер және робототехника номинациясына  тіркелген 3 команда(6 оқушы) 13 желтоқсан күні  №1 Арнайы мектеп-интернаты сахнасында бақ сынайды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!