10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын түлек» олимпиадасы өңірлік кезеңінің қорытындысы

10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «АЛТЫН САҚА» олимпиадасының өңірлік кезеңі қаламыздың бес ауданы бойынша іріктеліп, 2023 жылдың 02 желтоқсанда төмендегі мектептерде офлайн форматта өтті.

№89 мектеп-лицейі – Есіл, Нұра аудандары;
А.Байтұрсынов атындағы Binom school мектеп – лицейі – Алматы ауданы;
№54 мектеп-лицейі – Сарыарқа, Байқоңыр аудандары.
Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп аудандық кезеңге қатысқан 424 оқушының 129 -ы (10-сынып-56 оқушы; 11- сынып-73 оқушы) республикалық кезеңге өтті.
Республикалық кезеңге І,ІІ орын алған оқушылар қатысады.
Олимпиаданың нәтижесі қатысу нәтижесінің 30% сапасын құрайды: І орын-45;
ІІ орын-84;
ІІІ орын-61;
Грамота-73.