Республикалық «Махамбет оқулары» байқауында елордалық дарын қола медаль иеленді

          Бүгін республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өз мәресіне жетті.

Байқау 2023 жылы 29-30 қараша күндері «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында өтті.   

Махамбет Өтемісұлының ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатындағы өнер додасына Астана қаласынан 5 оқушы қатысты.

Дәстүрлі шараға еліміздің облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан қатысқан үміткерлер «Ел құтқарар ер едім …», «Шашақты найза, шалқар күй», «Тартынбай сөйлер асылмын… »,  «Ұлы арман» және «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағыттары бойынша өнер көрсетті.

Байқау қорытындсы бойынша  «Шашақты найза, шалқар күй» бағытында №65 мектеп-гимназиясының  8 —  сынып оқушысы Байзақ Ермұрат III орын иеленіп, елорда қоржынын тағы бір қола медальмен толтырды.

Жеңімпазды жүлдесімен құттықтаймыз!