«Қазақ хандығы» қалалық турнирі

2023 жылдың 24 қарашасында «Астана дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды   анықтау және қолдау орталығы «Қазақ хандығы» қалалық турнирін өткізді. Турнир  Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясымен   бірлесе отырып 8-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.

Оқушылардың тарихи білімділігін,  логикалық ойлау қабілетін арттырумақсатында өткен турнирге  37 ойыншы қатысты. Ойынның мақсаты  – руларды, жүздерді біріктіру арқылы бірлікке қол жеткізуге болатынын көрсету.

Сайыс  10 топқа  бөлінген оқушылар арасында жүрді. 1 айналымнан өткен әр топтың жеңімпазы жартылай финалға жолдама алса, 3 қатысушы финалдық шайқасқа қатысты. Финалда ойыншылар  «хан» болуға таласты: мейлінше көбірек рулардың басын біріктіріп,  жеке билігін айқындайтын белгі ретінде өзінің «киіз үйін» құрды. Ал басқа ойыншылар оған кедергі жасап, оның қол астындағыларды өзіне тартуға тырысты. «Батыр», «тұлпар», «сарбаз», «жігіт» деп аталатын карталарды пайдалану арқылы шабуылдап немесе қорғанды. Сонымен қатар  белгілі бір оқиғаны көрсететін «жұт», «той», «барымта», «тойбастар», «көрімдік»,  «алмас қылыш», «темір сауыт» секілді көптеген карталарды ойын барысында қолданды.

Жетекшілермен «Ұлттық құндылықтар» туралы кәсіби әңгіме алаңын ұйымдастырды. Мұнда жетекшілер І.Жансүгіров мұражайының тыныс-тіршілігімен, «Қара шаңырақ» орталығының жұмысымен танысып, пікір алмасты. Пікір алмасу барысында «Қазақ хандығы» ойынының бүгіні мен болашағы, жалпы ұлттық құндылыққа бағытталған оқу-тәрбие жұмысының сұрақтары талқыланды.

Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар келесі атақтарға ие болып, жеңіске жетті:

  • «Хан» –  Асатулла Қайрат, №56 МГ;
  • «Сұлтан» —  Темірбеков Бақдаулет, №52 МГ;
  • «Сұлтан» Өтеген Әлімхан, Қаныш Сәтпаев ат. Binom School МГ.

Турнир жеңімпаздары «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы дипломдары және грамоталарымен марапатталады. Турнирге қатысқан оқушыларға сертификаттар беріледі. 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!