ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауы

«Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясымен бірлесе отырып 2023 жылдың 27 сәуірі күні 3-4 сынып оқушылары арасында ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізеді.Мақсаты: Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, шығармаларын сүйіп оқуға баулу. Міндеттері: — 3-4-сынып білім алушыларының шығармашылық қабілетін дамыту, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту; — өлеңді мәнерлеп жатқа оқу арқылы есте сақтау, жаттау қабілеттерін дамыту; — сахнада жүру және сөйлеу мәдениетін (сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын, дикциясын) қалыптастыру.​Байқауға қала бойынша жалпы білім беру ұйымдарының 3-4- сыныбынан 2 оқушы (3-сыныптан 1 оқушы, 4-сыныптан 1 оқушы) қатысады. Байқау жеңімпаздары «Астана дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.Өтетін орны: Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясы (А. Иманов көшесі, 37).Басталуы: сағ. 09.00.