ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының қорытындысы 

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығыАстана қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып аудандық кезеңнің 16 жеңімпаз-жүлдегер арасында қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысын 2023 жылдың наурыз айының 17 күні №5 «Ақбота» балабақшасында өткізді. Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың, тоғызқұмалақтан халықаралық дамыту дәрежедегі спорт шебері, мемлекеттік степендия иегерінің төрелік етуімен ІІ «Бестемше» ұлттық ойын жарысы 4 аймаққа бөлініп, бірнеше айналымда ұйымдастырылды. Ұлттық ойын айналымында аймақтар бойынша жеңген №85 «Мейіржан » б/б, №5 «Ақбота» б/б, №66 «Толағай » б/б, №71 «Мөлдір» б/б қатысушылары арасында жүлделі орындар иегері атағына лайықты қызу тартысты ойын өтті. Төрешілердің шешімімен І дәрежелі диплом және алтын медаль №85 «Мейіржан «,№5 «Ақбота», №71 «Мөлдір» балабақшаларының тәрбиеленушілерінің еншісіне тисе, №66 «Толағай » балабақшасының тәрбиеленушісі ІІ дәрежелі диплом мен күміс медаль иеленді. Барлық қатысушыларға (№25 “Таңшолпан”,№44 «Үркер»,№92 «Жауқазын», №56 «Береке»,№70 «Құлыншақ»,№12 «Қарлығаш», №28 «Жұлдыз» санаториялық б/б,№94 “Сұңқар”,№79 «Шабыт»,№36 «Балапан»,№69 «Еркем-ай», №47 «Ақ желкен»б/б) ынталандыру грамотасы тапсырылды. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Жолбарысова Мөлдір Айткалиевна басшылық етіп отырған №5 «Ақбота» балабақшасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.