Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың қорытындысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиада 2022 жылдың 24-25 қараша күндері аралығында Өскемен қаласында колледждердің 1- курс студенттері арасында өтті. Мақсаты: жас ұрпақтың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ана тіліміз бен төл әдебиетіміздің рухани кеніне бойлай білуге, ұстаздар қауымына деген құрметтерін артыруға баулу. Олипиаданың республикалық кезеңіне еліміздің облыстары мен қалаларынан 13 студент қатысты. Астана қаласы бойынша олимпиаданың республикалық кезеңіне Астана Халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің 1-курс студенті Касимов Батырхан қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді, жүлдегерге ақшалай сыйақы табысталды. Шығысқа барып, Елордамыздың намысын қорғап келген Батырхан шәкіртімізді және жетекшісін құттықтаймыз! Білім додаларында алар асуларыңыз көп болсын!