Әбіш оқуларының қалалық кезеңі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығында бекітілген тізбеге сәйкес «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы 2022 жылдың 28 қазанында республикалық Әбіш оқуларының қалалық кезеңін №93 мектеп-лицейінде өткізеді. Басталуы 9:00-де. Оқулар 4 номинация бойынша өткізіледі:1. Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;2. Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу; 3. Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы;4. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.Оқулардың талаптары мен өткізу тәртібі Ережеде (Қосымша-1) көрсетілген. Сұраныс сілтеме арқылы 2022 жылдың 26 қазанына дейін қабылданады. Әр білім беру мекемесінен әр номинацияға 1 оқушыдан, жалпы саны 4 оқушы қатысады. Республикалық кезеңге іріктеу нәтижесінде жеңімпаз атанған оқушылардан Ережеде көрсетілген номинациялар бойынша құрылған елордалық команда жіберіледі.