2022 жылдың 13 мамыр күні Екібастұз қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында II республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары өтті.
Оқулардың мақсаты – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау.
Конкурста елордалық дарынды оқушылар жоғары нәтиже көрсетті:
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» — жазба ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша №66 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Анияр Мұқаш — ІІІ орын;
«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» — ғылыми зерттеу жобасын қорғау номинациясы бойынша №58 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Сақтаған Дильназ — «Зейінді зерттеуші» арнайы жүлде.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!