ІІ Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары

2022 жылдың  13 мамыр күні Екібастұз қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында II республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары     өтті.

Оқулардың мақсаты – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау.

Конкурста елордалық дарынды оқушылар жоғары нәтиже көрсетті:

«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – жазба ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша  №66 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Анияр Мұқаш  – ІІІ орын;

 «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау номинациясы бойынша  №58 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Сақтаған Дильназ – «Зейінді зерттеуші» арнайы жүлде.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!