ASTANA GARDEN SCHOOL

26 сәуір күні «Астана дарыны» ДДжПСО ұжымы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығымен бірге «ASTANA GARDEN SCHOOL»-дің жаңа ғимаратын тамашалады. Су жаңа мектеп ғимаратын таныстырып, жарқын жаңалықтарымен бөлісті. Ауыз бекіткен қызметкерлерге ауызашар дастарханын жайды. Бірер күн бұрын «Nurorda» мектеп-лицейі де «Астана дарыны» орталығы ұжымын ауызашарға шақырған болатын. Аталған білім беру мекемелеріне, әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз! Бірлесіп атқарар ісімізге сәттілік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!