Республикалық «Ілияс Жансүгіров» оқуларының қалалық кезеңі

 «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесе 2022 жылдың 19 сәуірі күні 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров» оқуларының қалалық кезеңін өткізетінін хабарлайды.

Байқаудың мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың  әдебиеттік шығармаларға құштарлығын, қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын арттыру.

Ілияс Жансүгіров оқулары Ережеге сәйкес үш бағыт бойынша өтеді:

— «Ілияс — эпик ақын» поэмаларын жатқа оқу;

— «Сұлу сөздің сүлейі» өлең, прозалық және драмалық шығармаларын жатқа оқу;

— «Ағынды менің-Ақсуым» ақындар мүшайрасы.  

Оқулар3 кезеңде өтеді:

І мектепішілік кезең – 2022 жыл  сәуір айында;

ІІ қалалық кезең –  2022 жыл 19 — сәуір күні;

ІІІ республикалық кезең – 2022 жыл мамыр айында өтеді.

         Қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары (бас жүлде) мамыр айында Алматы облысы Талдықорған қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.

         Қатысушыларға сәттілік тілейміз!