«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы

Ережесі

Өткізу күні:

Алматы, Байқоңыр аудандары 11 қараша күні №70 мектеп-лицейінде (Майқайың
1),

Есіл, Сарыарқа аудандары 12 қараша күні №66 мектеп-лицейінде (Д.Қонаев, 33/1)

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық және қалалық іріктеу кезеңін 6 – 10 сынып оқушылары арасында елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық нормалардың қатаң сақталуымен өткізетінін хабарлайды.


Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру. Ережеге сәйкес байқау – қазақ халқының батырлық эпостарының бірі «Ер Едіге» жырын жатқа айту бойынша өтеді.

Байқаудың кезеңдері:

  • уақыттың тығыздығына байланысты мектепішілік кезең өткізілмейді;
  • аудандық кезең:
    • Алматы, Байқоңыр аудандары 11 қараша күні №70 мектеп-лицейінде (Майқайың
      1),
    • Есіл, Сарыарқа аудандары 12 қараша күні №66 мектеп-лицейінде (Д.Қонаев 33/1);
  • қалалық кезең: 16 қараша күні Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында (Б.Момышұлы, 5) өтеді;
  • республикалық кезең қосымша хабарланады.

Байқаудың талаптарына сәйкес қатысуға үміткер оқушылардың сұранысы алдын ала қабылданды.

Қосымша ақпараттар мен батырлар жырының электронды нұсқасын qazaqepos.com ресми сайтынан алуға болады.