ХХІІ республикалық Абай оқуларының қорытындысы

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»- деп өсиет қалдырған ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған ХХІІ республикалық Абай оқулары 2021 жылғы тамыз айының 24-27 күндері аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында алты номинация бойынша онлайн форматта өтті.

Елорда мектептері арасында өткізілген іріктеуде топ жарған алты оқушы республикалық кезеңде өнерлерін көрсетті, оның ішінде:

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша №56 мектеп- лицейінің оқушысы Асылбекова Асема ІІ орын,

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясына қатысқан № 87 мектеп- гимназиясының оқушысы Махсутканова Айғаным ІІ орын,

«Көңілім әнді ұғады» номинациясында өнер көрсеткен № 87 мектеп- гимназиясының оқушысы Құлажан Қарақат ІІІ орын иегерлері атанды.

Республикалық Абай оқуларында өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!