Х республикалық Мағжан оқуларының қалалық іріктеу кезеңі
Қазақтың сыршыл ақыны, ағартушы, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы Х республикалық дәстүрлі Мағжан оқуларының қалалық іріктеу кезеңін Нұр- Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылы 13 мамырда №64 мектеп –лицейінде өткізеді.
Қалалық оқулар 3 номинация бойынша өтеді:
1. «Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім» — ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу;
2. «Жасынан оқу оқып, өнер қуған….» ғылыми жоба жұмысы;
3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» — жас ақындар мүшәйрасы.
Нұр-Сұлтан қаласының 61 білім беру мекемесінен 119 оқушы қатысады.
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!
ПРОТОКОЛ
Тікелей трансляция
«Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім» — ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған….» ғылыми жоба жұмысы
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» — жас ақындар мүшәйрасы