Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024»І республикалық робототехника фестивалі қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары туралы ақпарат

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры», Астана қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған лицейi, Астана қаласының «Роботек» білім беру робототехника мектебі, Mars robotics робототехника мектебімен бірлесіп 2024 жылы 21 сәуірде №9 «Зерде» мамандандырылған лицей базасындаӘлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024»  І республикалық робототехника фестивалінің қалалық іріктеу кезеңі өтті.

Білім беру мекемелерінің 10-18 жас аралығындағы оқушылары арасында өткен байқауға 182  оқушы қатысып, фестиваль ережесіне сәйкес 5 санат бойынша: Шығармашылық «Мәдени мұра мен инновация» (12-18 жас); Арқан тартыс (10-13 жас), Асық ату (12-18 жас), Ақсүйек (14-18 жас), Мерген (12-18 жас) өтеді. Әр санат бойынша әр мектептен 10-18 жас аралығындағы 1 команда (2 қатысушыдан тұратын) қатысты.

1. Шығармашылық «Мәдени мұра мен инновация» категориясы бойынша40 оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны – 10 :

І орын- «Skillset Schools»;

ІІ орын- №9 «Зерде», №80 МГ;

ІІІ орын-№76 МЛ, №87 МГ;

2. «Арқан тартыс» категориясы  бойынша82 оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны – 6:

І орын- «Zerdeli International School»;  

ІІ орын- Ы.Алтынсарин ат.Бином МЛ, «Экономикалық лицей»;

ІІІ орын- №9 «Зерде», №60 МЛ, №54 МЛ;

3. «Асық ату» категориясы бойынша– 34  оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны – 12:

І орын- «Экономикалық лицей»;

ІІ орын- №22МГ, UBES ұлттық бизнес және инжиниринг мектебі; 

ІІІ орын- №88 МЛ, №9 «Зерде», «Jana beles» мектебі;

4. «Ақсүйек» категориясы бойынша– 6  оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны – 6:

І орын- №9 «Зерде»;

ІІ орын- №51МГ; 

ІІІ орын- Қ.Сәтпаев ат.Бином МЛ;

5. «Мерген» категориясы бойынша– 20  оқушы қатысты. Жеңімпаздар саны – 6:

І орын- «Jana beles» мектебі;

ІІ орын- №68 МГ;

ІІІ орын- №59 МЛ.

Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2024» І республикалық робототехника фестиваліне жолдама алған оқушылар:

1. Шығармашылық «Мәдени мұра мен инновация» категориясы бойынша Ермухаметов Джалил, Камбатыров Нурдаулет «Skillset Schools»;

2. «Арқан тартыс» категориясы  бойынша Қудайберген Жанасыл, Мырзабек Али, «Zerdeli International School»;

3. «Асық ату» категориясы бойынша –Касымханов Карим, Ержуманов Арсен, «Экономикалық лицей»;

4. «Ақсүйек» категориясы бойынша – Қайырғалиұлы Мирас, Еркін Жұманияз, №9 «Зерде» мамандандырылған лицей;

5. «Мерген» категориясы бойынша – Байзаков Арсен, Алибекұлы Абылай, «Jana beles» мектебі.

   Жеңімпаздарға республикалық байқауда сәттілік тілейміз!