«Kazakhstan Speaks English 2024» ағылшын тілі олимпиадасының мектепішілік кезеңінің қорытындысы

2024 жылдың 20 сәуір күні елордалық жалпы білім беру ұйымдарында «Kazakhstan Speaks English 2024»ағылшын тілі олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.

Мектепішілік кезеңінің мақсаты – аудандық кезеңге ұсыну үшін үздік қатысушыларды анықтау.

Олимпиаданың мектепішілік кезеңінде тапсырмалар тақырыптары белгілі бір оқу сыныптарына сәйкес келетін деңгейлердің лексика, грамматика және бейне материалдары бойынша тест сұрақтарын қамтыды.

Олимпиадаға қалалық 66 мектептен 5, 6 сыныптардың 2000 мыңнан астам оқушылары қатысты.

Тексеру нәтижелері бойынша мектептер әр параллельден аудандық кезеңге қатысуға ең жоғары нәтиже көрсеткен бір оқушыны анықтап, жібереді.

Аудандық кезеңді 2024 жылдың 27 сәуірінде барлық аудандарда бір уақытта өткізу жоспарланды.