🌍🌱♻️ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАНЫ БІРГЕ ҚОЛДАЙЫҚ

Құрметті ұстаздар қауымы, оқушылар және қала жұртшылығы!

Сіздерді «Тазару» жалпықалалық экологиялық айлығы аясында «Жас экологтар күнін» өткізуге атсалысуға шақырамыз!

Бұл күні, яғни 2024 жылғы 15 сәуірде елорда мектептерінде санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.