«Әлем таныған Қаныш» республикалық ғылыми – танымдық конференциясы

2024 жылдың 26 наурыз күні Қ. Сәтбаев атындағы № 61 мектеп-лицейімен бірлесіп «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы қазақтың біртуар перзенті, ғұлама ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Қаныш» республикалық ғылыми-танымдық конференциясын өткізеді.

Мақсаты – Қаныш Сәтбаевтың мұрасын насихаттау және жаңа буынның көшбасшылық, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.

Конференцияға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері, әдіскерлер мен студенттердің қатысуы күтілуде.

Конференцияға екі форматта қатысуға болады: (офлайн, онлайн)

Өткізу орны: Қ. Сәтбаев атындағы № 61 МЛ (Конституция көшесі, 33)

Өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізу күні: 26.03.2024 ж.

Тіркелу уақыты: 9:00-9:30

Конференцияның ашылуы: 10:00