Қалалық Қайым оқулары

2024 жылдың 19 сәуірінде «Астана дарыны» орталығы Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназиямен бірлесіп ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы, Қазақ КСР Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановқа арналған  елордалық жалпы  білім  беру  мекемелерінің 8-10 сынып   оқушылары  арасында  қалалық «Қайым оқуларын» (бұдан әрі – Оқулар) өткізеді.

Оқулардың мақсаты  –  мектеп оқушыларын ғалымның тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркемсөз оқу шеберлігін арттыру, шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Оқулар мемлекеттік тілде өтеді.

          Оқулар екі кезеңнен тұрады:

  І кезең – ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша тестілеу (Google форма).

 ІІ кезең – 4 номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» – шығармаларын жатқа оқу;
  2. «Қауырсын қалам» – жас ақындар шығармашылығы;
  3.  «Қайраткер Қайым болмысы» – эссе жазу;
  4. «Абайдың інісі, Алаштың ірісі»  Қ. Мұхамедхановтың шығармалары бойынша буктрейлер жасау.

Өтетін орны:  Астана қаласы, Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназия (Қорғалжын тасжолы 37/1).

 Тіркеу уақыты: 08.3009.00.

           Өтетін уақыты: 19 сәуір 2024 жыл, сағат 09.00.